"Қайрат" клубының бұрынғы қорғаушысы Норвегия чемпионатында өнер көрсетеді

"Қайрат" сапында ол 48 ойын өткізді.

"Қайрат" клубының бұрынғы қорғаушысы 28 жастағы тринидадтық футболшы Шелдон Бато норвегиялық "Сарпсборг 08" командасына ауысты, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

"Шелдон арқылы біз командаға тәжірибелі орталық ойынды күшейтеміз, оның күш жігері мен жылдамдығы керемет. Біздің скауттар желісі Батоны тапты. Біз оны соңғы аптада бақыладық және бұл ойыншы қарқынды дамып келе жатқанына сенімдіміз", - деді клубтың директоры Томас Бернтсен "Сарпсборга 08" ресми спорт сайтында

Тринидад және Тобаго қорғаушысымен келісімшарт 2019 жылдың соңына дейін жасалған.

Еске салайық, Шеллон Бато 2017 жылдың жазында самаралық "Крыльев Советов" клубынан алматылық "Қайратқа" ауысты. "Қайрат" үшін барлығы 48 матч өткізіп, бір нәтижелі пас шығарып, жеті ескерту алды.


  0