"Атырау" футбол клубы 9 ұпайдан айырылды



Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы ҚФФ-ның "Атырау" футбол клубынан 9 ұпайдан айыру туралы өтінішін қабылдап, 2017 жылғы Премьер-Лига командаларының арасындағы чемпионаттың турнир кестесіне тиісті өзгерістер еңгізді. FIFA-ның Тәртіптік комитеті аталған клубты Jonathas Ricardo Sousa da Costa алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін – 3 ұпайдан, ал бапкер Zoran Filipovic алдында қарызды өтеу туралы шешімді орындамағаны үшін – 6 ұпайдан айыру туралы шешім қабылдады.


  0