"Қайрат" сапында Исаэльдің орнын "Спартак" ойыншысы баса ма?

Александр Самедов Ресей құрамасы үшін 53 кездесу өткізіп, 7 гол салған.

"Қайрат" футбол клубының бас директоры Марат Баймұханов ресейлік жартылайқорғаушы Александр Самедовтың алматылық командаға ауысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда мәскеулік "Спартак" Самедовпен келісімшартты үзді, кейінірек БАҚ өкілдері Исаэльдің кетуіне байланысты "Қайрат" ресейлік футболшыға қызығып отыр деген мәлімет таратақн еді.

"Ондайды мүлде естімеппін. Күн сайын қауесеттер көбейіп жатыр. Осы жағдайды ресейлік журналистер даурықтырып отырған секілді", - деді Баймұханов Championat.com порталына берген сұхбатында.

34 жастағы Самедов спорттық мансабында "Локомотив", "Москва", "Динамо" және "Спартак" сапында өнер көрсетті. "Ақ-қызылдар" сапында ол Ресей чемпионы атанды және елдің Суперкубогын иеленді. Ресей құрамасы үшін 53 кездесу өткізіп, 7 гол салған.


  0