Андрей Аршавин кезінде "Барселонада" да жақсы ойнап кетер еді - Карлес Пуйоль

Андрей Аршавин 2008 жылы "Барселонаға" өтуге шақы қалған еді.

Каталонияның "Барселона" мен Испания құрамасының бұрынғы капитаныРесейге келген сапары барысында алматылық "Қайраттың" жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин туралы ойымен бөлісті. 

2008 жылы Еуропа біріншілігінде сәтті өнер көрсеткеннен кейін Аршавиннің "Барселона" сапына ауысатын мүмкіндігі болған еді. Бірақ Ресей құрамасының экс-каиптаны ол кезде лондондық "Арсенал" клубын таңдап кеткен еді. 

"Андрей жақсы футболшы болған еді. Әсіресе оның алаңдағы жеке қимылдары тәнті ететін. Бетпе бет кез-келген адамды алдап өтетін еді. Қазір мүмкін емес шығар, бірақ кезінде ол "Барселона" сапында ойнап кетер еді", - деп келтіреді Пуйольдің сөзін порт-Экспресс". 

Айта кетейік, Аршавин 2016 жылдан бері "Қайрат" сапында өнер көрсетеді. Қазақстан біріншілігінде өткізген бірінші маусымында ол 28 ойынға қатысып, 8 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді. 







  0