Бородюк Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынына күмәнім бар - Құралбек Ордабаев

Қазақ футболының ардагері Александр Бородюктің Қазақстан құрамасын жаттықтырады дегенге күмәнмен қарайтынын айтты.

Қазақстан Футбол федерациясы ресейлік Александра Бородюкті Қазақстан құрамасының бас бапкері етіп шақыру мүмкіндігі жайлы еш пікір білдірмеді. Ал алматылық "Қарйат" командасының ардагері Құралбек Ордабаев Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бұлай болмайтынына сенбейтінін айтады.

"Бородюк Қазақстан құрамасының бас бапкері болатынына күмәнім бар. Ол бізде "Қайратты" жаттықтырған болатын. Клубты басқара алмай өз еркімен кеткен еді. Ол бапкер болған кезде "Қайрат" ойыншылары чемпионатқа дайын болмай, басталмай жатып көп ұпайдан айырылды. Осыған байланысты еліміздің футболын басқарып отырғандар оны шақырмайды деп ойлаймын.

Оның үстіне қазір бапкер ауыстырудың мәнісін көріп тұрған жоқпын. Биыл құрама алты ресми кездесу өткізеді. Осы кездесулер қорытындысынан кейін ғана бір шешім қабылдауға болады. Талғат Байсуфинов ешнәрсені бүлдіріп алған жоқ. Оған 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеуінен өте алатындаймүмкіндік беру керек. Тым болмағанда оның командасы 26 наурызда Армениямен қандай ойын көрсететінінң көрейік.

Жақсы, кейін бір шетелдік бапкерді шақырдық делік, бізде өнім болмаса ол не береді? Біздің құрама футболшыларды таңдау мүкіндігі төмен болғандықтан зардап шегіп отыр", - дейді Ордабаев.

Айта кетейік, ресейлік БАҚ-тар Александр Бородюк биылғы наурызда Қазақстан құрамасына бапкер болып келуі мүмкін деп жазған болатын.

Оның алдында Бородюк Ресейдік жастар құрамасын немесе Белорусь ұлттық құрамасын басқаруы мүмкін екені айталыған. Ол соңғы рет 2016 жылы "Қайрат" командасымен жұмыс істеген. Алайда алматылық команда маусымды сәтсіз бастағандықтан өз еркімен орнынан кеткен.


  0