"Ордабасы" капитаны "Тобылға" ауысуы мүмкін - БАҚ

Биылғы маусымды "Ордабасы" төртінші орынмен аяқтады.

"Ордабасы" футбол клубының капитаны Мардан Төлебек "Тобыл" командасының қатарын толықтыруы мүмкін, - деп хабарлайды KazFootball.kz.

27 жастағы жартылай қорғаушы шымкенттік клуб сапында ел премьер-лигасында 133 ойынға қатысып, 9 гол соққан. Қазақстан кубогы мен Суперкубогын, ел чемпионатының қола жүлдесін еншілеген.

Биылғы маусымды "Ордабасы" төртінші орынмен аяқтады. Ал үшінші орын алған қостанайлық клуб келер жылы Еуропа лигасында ел намысын қорғайды. Шымкенттік команда да Еуропа лигасына қатысып қалуы мүмкін. Ол үшін алматылық "Қайрат" ел кубогының финалында "Атырауды" ұтуы тиіс.


  0