Жанкүйерлер төрешіні балағаттағаны үшін "Ақтөбе" клубына айыппұл салынды

Қос команда арасындағы ойы 4 тамызда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды.

"Астана" мен өткен ойыннан кейін "Ақтөбе" футбол клубына айыппұл салынды. Мұндай шешім Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) тәртіптік-бақылау комиссиясының отырысында қабылданды.

Қос команда арасындағы ойы 4 тамызда өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталды. Осындай санкцияның шығарылуына алаң иелерінің жанкүйерлерінің әрекеті себепші болған. 

"Көрермендердің бейәдеп қылығы үшін, ойын аяқталысымен төрешін балағаттағаны үшін Тәртіптік регламенттік 63-бабы 1-бөлігіне сәйкес "Ақтөбе" футбол клубына 250 АЕК (601 250 теңге, алты жүз бір мың екі жүл елу теңге) көлімінде айыппұл салынады. Бір АЕК 2405 теңгеге тең. "Ақтөбе" футбол клубы айыппұлды 2018 жылдың 8 қыркүйегіне дейін төлеуі тиіс", - делінген ҚФФ сайтында. 


  0