"Ордабасы" Украина құрамасының жартылай қорғаушысымен келісімшарт жасады



Шымкенттік "Орадабасы" клубы украиналық жартылай қорғаушы Кирилл Ковальчукпен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

30 жастағы Ковальчук днепропетровскілік "Днепр" футбол клубының тәлімгері. Жартылай қорғаушы бұған дейін молдовалық "Зимбру", украиналық "Черноморец" және "Металлист", түркиялық Каршияк" секілді клубтардың намысын қорғаған. 

Ковальчуктің соңғы клубы ресейлік "Томь" болған еді. Ресейлік клуб сапында ол 11 ойынға қатысты. 

Сондай-ақ жартылай қорғаушы Украина құрамасы сапында да өнер көрсеткен. 2014 жылы Молдова құрамасына қарсы өткен жолдастық кездесуде Ұлттық құрамасы сапында бірінші кездесуін өткізген. Жалпы сол уақыттан бері Украина сапында ол 4 ресми ойынға қатысыпты. 


  0