"Астана" Антонио Рукавинамен келісімшарт жасады

Ол Сербиямен бірге әлем біріншілігіне қатысқан еді.

«Астана» Сербия Ұлттық құрамасының қорғаушысы Антонио Рукавинамен келісімшарт жасады. Команданыңжаңа футболшысының алаңдағы позициясы – оң қапталдағы шабуылдаушы қорғаушы.

Антонио қазақстандық жанкүйерлерге УЕФА Еуропа Лигасы аясындағы «Астана» және «Вильярреал» арасындағы кездесулермен жақсы таныс. Сербиялық қорғаушы испаниялық команда сапында 5 маусым өткізген. Рукавина осы жылдарда «Вильярреал» құрамында 99 ойында алаңға шыққан. Оның 23-ін Еуропа Лигасында өткізсе, «Ла-Лига» аясында 76 матч өткізген.

Тәжірибелі қорғаушы «Вильярреалға» дейін, сербиялық «Бежания», «Партизан», немістің «Боруссия» Дортмунд, «Мюнхен-1860», және де испанялық «Вальядолид» командалары сапында өнер көрсеткен.

 Рукавина ұлттық құрама деңгейінде Сербия жастар құрамасымен 2006 жылы Әлем чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізген. Ал Сербия Ұлттық құрамасы сапында 49 ойын өткізген.

Антонио «Астанаға» 2018 жылғы Әлем Чемпионатындағы кездесулерінен кейін бірден қосылды. Ол Ресейде өткен үш кездесудің екеуінде – Коста-Рика және Бразилияға қарсы ойындарда алаңға шыққан болатын.





  0