Маркос Пиззели соңғы бес матчта тоғыз гол соқты

Маркос Пиззели соңғы бес матчта тоғыз гол соқты.

Армениялық шабуылшы Маркос Пиззелли Премьер лигада бес тур бойы қатарынан гол соғып келеді.

33 жастағы футболшы ел чемпионатының 12-ші турында «Ертіс» (1:1) қақпасын дәл көздеген болатын. Содан бері «Ақтөбе» шабуылшысы жасыл алаңнан құр қол қайтып көрген жоқ. Әр ойында кем дегенде бір гол соғып жүр.

13-ші турда Алматыда «Қайратқа» (2:3) қарсы кездесуде екі гол, 14-ші турда «Ордабасы» (3:1) қақпасына бір гол соқты. Одан кейін «Тобылға» (3:2) қонаққа барып, хет-трик авторы атанды. Ал кеше өз алаңында «Шахтер» (2:0) қақпасына тағы екі гол соқты.

Осылайша, Пиззели соңғы 5 матчта 9 гол соғып отыр.


  0