Шомко мен Твумасидің трансферлік құны өсті

Шомко мен Твумасидің трансферлік құны өсті.

Германиялық transfermarkt.de сайты футболшылардың трансфер нарығындағы бағасында орын алған өзгерістерді жариялады.

Жаңарған нұсқада Қазақстан Премьер-Лигасында өнер көрсететін футболшылардың да бағасы өзгерген. Трансфер нарығында құны ең көп жоғарлаған ойыншы - «Астананың» шабуылшысы Патрик Твумаси. Беделді сайттың пайымдауынша Патрик 2,8 млн еуро тұрады. Осылайша, ганалық шабуылшы бірден 800 мың еуроға қымбаттап отыр.

Одан бөлек «Астананың» тағы бір ойыншысы Дмитрий Шомконың бағасы да елеулі түрде өскен. Қазақстандық қорғаушы 500 мың еуро қымбаттап 2,5 миллионға бағаланып отыр.


  0