Қазақстандық төреші қызметінен 3 жылға шеттетілді

Қазақстандық төреші қызметінен 3 жылға шеттетілді.

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде Әділетті ойын қағидаларының сақталуын бақылау комитетінің отырысы өтті.

Отырыста талқыланған мәселе Премьер-лига матчының бас төрешісі Алексей Бобровтің үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті бойынша жиналған материалдардың негізінде тергеу жұмыстарының қорытындысы болды.

Ішкі тергеу жұмыстарында алынған материалдар Қазақстан футбол федерациясының Әдеп комитетіне берілді. Бүгін сол деректер бойынша Комитет Алексей Бобровті үшінші тұлғалармен келісім жүргізу әрекеті үшін үш жылға төрелік ету қызметінен шеттетті.


  0