"Атырау" сапына хорватиялық шабуылшы ауысты



Украиналық "Металлист" клубының хорватиялық шабуылшысы Иван Родич "Атырау" клубына ауысты. Бұл туралы футболшының өзі instagram парақшасында хабарлады. 

Иван Родич карьерасын 2004 жылы "Мосор" клубы сапында бастаған. Одан кейін "Имотски", "Шибеник", "Хайдук", "Риека" және "Истра 1961" секілді клубтарда ойнаған, Жалпы ол Зорватия біріншілігінде 50 кездесу өткізіп, 12 гол соққан. 

2012 жылы Родич Украина біріншілігінде өне көрсететін"Заря" клубына, одан кейін "Говерла" клубына ойнаған. Ал шабуылшының соңғы клуб хорьковтік "Металлист" болды. Бұл клубтың сапында хорватиялық шабуылшы 11 ойынға қатысып, 2 гол соққан.



Бізге жеткен мәліметтер бойынша, Иван Родич "Атырау" клубымен бір жылдық келісімшарт жасапты. 


  0