Канада құрамасының қорғаушысы "Ордабасы" сапына қосылды



Футболдан Канада құрамасының қорғаушысы Джон Адам Стрейт шымкенттік "Ордабасы" клубы сапында бақылаудан өтіп жатыр. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлайды. 

26 жастағы Стрейт "Ванкувер Уайткэпс" және германиялық "Энергия" клубытарының тәлімгері. Шымкенттік команданың қатарына қорғаушы өткен аптаның соңында қосылыпты. Алдағы уақытта ол команда бапкерлерінің бақылауынан өтеді. 

Айта кетейік, Джон Адам Стрейт карьерасында "Саарбрюккен", "Веен", "Фредрикстад" секілді клубтардың намысын қорғаған. Ал Ұлттық құрамасында ол 27 кездесу өткізген. 


  0