"Қайраттың" бұрынғы бас бапкері "Ордабасы" тізгінін ұстады

Швмкенттік клуб осы аптада Георги Дерменджиевті қызметінен босатты.

Грузиялық маман Кахабер Цхададзе шымкенттік "Ордабасы" клубының тізгінін ұстады. Бұл туралы KazFootball.kz порталы хабарлап отыр. 

Басылымның мәліметі бойынша, 15 маусым күні команда басшылары Цхададзені клуб ойыншыларына ресми таныстырған. Бапкер клубпен маусымның соңына дейін келісімшарт жасаған. 

"Ордабасы" клубында Цхададзе болгариялық Георги Дерменджиевтің орнын басып отыр. Бұл маман шымкенттік клубты маусым басында басқарып, осы аптада бір жақты келісімшартты бұзып, командадан кетті. 

Цхададзенің соңғы жұмыс орны алматылық "Қайрат" болған еді. Оңтүстік астаналық клубты ол 2016 жылдың сәуір айында тізгінін ұстап, 2017 жылдың шілдесінде қызметінен кетіп еді. "Қайратпен" бірге ол Қазақстан кубогі, Қазақстан Суперкубогі және ел біріншілігін күміс жүлдесін жеңіп алды. Командадан ол Еуропа лигасындағы "Скендербеу" (1:1, 0:2) клубынан жеңілгеннен соң кетті. 

Қазақстанға келерге дейін бапкері Грузия ұлттық құрамасын жаттықтырды. Сондай-ақ әзірбайжандық "Стандарт" және "Интер", грузиялық "Сиони", "Локомотив" және "Динамо" клубтарының бапкері болған. 





  0