Ресейлік қорғаушы "Астана" сапына ауысуы мүмкін

Ол өткен маусымда Ресейдің екінші біріншілігінің үздік ойыншыларының бірі атанды.

"Матч ТВ" арнасына мәлім болғандай "Тамбов" клубының қорғаушысы Марат Быстров қазақстандық клубтадың біріне ауысуы мүмкін. Телеарнаның мәліметі бойынша, қорғаушыға елордалық "Астана "клубы қызығушылық білдіріп отыр. 

"25 жастағы Быстров "Тамбов" сапына 2017 жылдың қысында "Челябинск" клубынан ауысып келіп, маусым қорытындысы бойынша Ресейдің екінші біріншілігінде маусымның жаңалығы болған футболшы атанды. Өткен маусымда ол 30 кездесуге қатысып, "Амкарға" қарсы өткен тоғыспа кездесуде де ойнады. 

Айта кетейік, Быстров Қазақстанда дүниеге келген. Оның әкесі орыс, ал анасы - қазақ. Кейіннен оның отбасы Магнитогорск маңындағы Спаский ауылына көшіп кеткен", - делінден жазбада. 

Еске салайық, биылғы маусымда "Астана" ел біріншілігінде көш бастап келеді. Ал өткен маусымда Еуропа лигасының 1/16 финалына дейін жетті. 





  0