"Астана" Твумасиге Испаниялық клубқа ауысуына рұқсат бермепті

Сондай-ақ Твумасиге Англия және Шотландия біріншілігінде өнер көрсететін клубтан көз тігіп отыр.

Елордалық "Астана" футбол клубы ганалық шабуылшы Патрик Твумасиге Испанияның Ла-Лигасында өнер көрсететін командаларға ауысуға рұқсат бермей отыр. Бұл туралы Ghanasoccernet.com жазып отыр.

"Бірнеше испаниялық клуб Твумасидің сәтті өнерінен кейін оған қызығушылық танытты. Бірақ қазақстандық клуб шабуылшының келісімшартының аяқталуына алты айға ғана қалғанына қарамастан, Твумасиге Испания біріншілігіне ауысуға рұқсат бермей отыр", - деп жазады басылым. 

Айта кетейік, негізінде Твумасидің "Астана" клубымен келісімшарты 2019 жылдың желтоқсанына дейін жасалған. Келісімшарт былтыр созылған болатын. 

Ghanasoccernet.com басылымының мәліметі бойынша, "Астана" Тувмасидің Англия және Шотландия біріншілігінде өнер көрсететін клубұа ауысуына рұқсат бермеген екен. 

Биылғы маусымда 24 жастағы Твумаси Қазақстан біріншілігінде алты гол соғып, сұрмергендер тізімінде екінші орында келеті. Жалпы ганалық шабуылшы қазақстандық клуб сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол Еуропа лигасы мен Чемпиондар лигасында бес голдан соққан еді. Сондай-ақ былтыр ол Гана құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. 

Маусымаралық үзілісте Твумасиге бірнеше клуб қызығушылық білдірді. Олардың қатарында германиялық "Штутгарт", франциялық "Кан", түркиялық "Бурсаспор" және "Гезтепе", мәскеулік "Спартак" және шотландиялық "Селтик" клубтары болды. Ал глазголық клуб болса әлі де "Астана" шабуылшысын қатарларына қосуға ниетті. 









  0