Болгария құрамасының жартылай қорғаушысы "Ертіске" ауысы ықтимал

Георгий Костадиновтың "Левсимен" 2017 жылдың жазына дейін келісімшарты бар.

Болгария құрамасы мен "Левксидің" жартылай қорғаушысы Георгий Костадинов павлодарлық "Ертіс" сапына ауысуы мүмкін. Бұл туралы "Стандарт" хабарлайды. 

Басылымның мәліметі бойынша, Костандиновты "Ертістің" бас бапкері Димитар Димитров шақырып отыр екен. 

Костандиновтың "Левсимен" 2017 жылдың маусым айына дейін келісімшарты бар. Бірақ павлодарлық клуб жартылай қорғаушы Қазақстан Премьер-лигасы басталғанша өз қатарларына қосықысы келеді екен. Бұған дейін ол "Левскимен" келісімшартын ұзартудан бас тартыпты. 

"Әрине, Костандинов еуропалық басқа клубтардан ұсыныс күтіп отыр. Оның "Левскиден" кетуі команданы қиын жағдайға қалдыруы мүмкін. Себебі, ол команданың негізі ойыншысы", - деп жазады "Стандарт". 

26 жастағы жартылай қорғаушы Болгария біріншілігінің бірінші айналымында 11 ойынға қатысып, 4 гол соқты. Ал бұған дейін карьерасында ол "Нафтекс", "Черноморц" (Поморье), "Лудогорц" және "Берое" секілді командаларда өнер көрсеткен. 

Өткен жылдың күзінде Костанидов 2018 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирі аясында Франция құрамасына қарсы кездесуде Ұлттық құрамасы сапындағы бірінші кездесуін өткізді. 


  0