"Ордабасыға" ауысқан болгариялық шабуылшының жалақсы белгілі болды



Шымкенттік "Ордабасы" клубына ауысқан Болгария құрамасының шабуылшысы Преслав Йордановтың жалақсы белгілі болды. Бұл туралы KotaSport басылымы хабарлайды. 

Басылымның мәліметі бойынша, 27 жастағы шабуылшы не бургасалық "Нефтохими" немесе "Ордабасыға" ауысу деген таңдау болған екен. Соңғы сәтте транстердің мәселесін "Ордабасы" ұсынған жалақы шешіп кетіпті. Шымкенттік команда сапында шабуылшы айына 20 мың АҚШ долларын алатын болыпты. 

Айта кетейік, шабуылшы софиялық ЦСКА клубы сапында өнер көрсетіп, Болгария біріншілігінде 27 кездесуге қатысып, 26 гол соққан. Сонымен қатар шабуылшы карьерасында "Спартак Плевен" (28 ойын, 10 гол), "Локомотив" (София 53 ойын, 13 гол), "Беласица" (10 ойын, 3 гол), "Спартак" (Плевен 28 ойын, 10 гол), "Черноморец" (Бургас42 ойын, 4 гол) секілді клубтардың намысын қорғаған.

Преслав Йорданов Болгария ұлттық құрамасы сапында да өнер көрсеткен. Тарқатып айтсақ, ол 2016 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуі аясында Люксембург құрамасына қарсы бір матчқа қатысқан.


  0