"Ордабасы" БАТЭ клубымен жолдастық кездесу өткізеді



Түркия жеріндегі соңғы өткізетін оқу-жаттығу жиындары барысында шымкенттік "Ордабасы" клубы төрт жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Бірінші кездесу 17 ақпанға жоспарланған. Бұл күні "Ордабасы Ресейдің екінші дивизионында өнер көрсететін "Тосно" клубымен кездеседі. Одан кейін 21 ақпан күні - "Аль-Нафт" (Ирак), 24 ақпан күні - БАТЭ (Беларусь) ал шымкенттік клбутың төртінші қарсыласы белгісіз.


  0