"Ордабасы" Болгария құрамасының шабуылшысымен келісімшарт жасады

Өткен маусымда шабуылшы ЦСКА сапында 27 ойында 26 гол соққан.

Шымкенттік "Ордабасы" клубы Болгария құрамасының шабуылшысы Преслав Йорданов келісімшарт жасады. Бұл туралы gong.bg басылымы хабарлайды. 

Өткен маусыда 27 жастағы шабуылшы софиялық ЦСКА клубы сапында өнер көрсетіп, Болгария біріншілігінде 27 кездесуге қатысып, 26 гол соққан. Сонымен қатар шабуылшы карьерасында "Спартак Плевен" (28 ойын, 10 гол), "Локомотив" (София 53 ойын, 13 гол), "Беласица" (10 ойын, 3 гол), "Спартак" (Плевен 28 ойын, 10 гол), "Черноморец" (Бургас42 ойын, 4 гол) секілді клубтардың намысын қорғаған. 

Преслав Йорданов Болгария ұлттық құрамасы сапында да өнер көрсеткен. Тарқатып айтсақ, ол 2016 жылы Ресей жерінде өтетін әлем чемпионатының іріктеуі аясында Люксембург құрамасына қарсы бір матчқа қатысқан. 





  0