"Алтайда" да тұрақтай алмаған Жұмасқалиев "Ертіске" ауысуы мүмкін

Футболшы бұған дейін "Алтаймен" келісімшарт жасаған еді.

Қостанайлық "Тобылдың" бұрынғы капитаны Нұрбол Жұмасқалиев енді "Ертіс" командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарына барады. 

Еске салайық, өткен маусым аяқталысымен "Тобылдың" бас бапкері Омари Тетрадзе Жұмасқалиевтің командаға керек емес екендігін ашық айтып, футболшыны жаттығу жиындарына баратын ойыншылардың тізімінен шығарды. 

Содан кейін қаңтар айының ортасында Нұрболдың "Алтай " клубымен бір жылдық келісімшарт жасағаны белгілі болды. Бірақ шығысқазақстандық клуб Премьер-лигада ойнайтын клубтардың қатарынан шығып қалды. Сол үшін де командадан футболшылар ақырындап кетіп жатыр. 

Бүгін Нұрбол Жұмасқалиевтің "Ертіспен" бірге оқу-жаттығу жиындарында анықталды. Енді павлодарлың команданың бас бапкері Димитар Димитровтың бақылауынан өтеді. 


  0