Бауыржан Джолчиев біздің командаға күтпеген жерден қосылды - Мақсат Түймалиев

"Ақтөбе" клубының директоры Бауыржан Джолчиевтің командаға қалай қосылғанын айтты.

"Ақтөбе" клубының директоры Мақсат Түймалиев Бауыржан Джолчиевтің командаға қосылуы мүмкін екенін айтты. 

Ақпан айының басында Джолчиевтің Түркия жерінде оқу-жаттығу жұмыстарын өткізіп жатқан "Ақтөбе" сапына қосылғаны белгілі болған еді. Директордың айтуынша, қазіргі уақытта футболшы кеңесіп алу үшін команда сапынан кеткен екен. 

"Бауыржан біздің команда қатарына күтпеген жерден қосылды. "Ақтөбеде" ойнауға дайын екенін айтты. Ол кезде біз онымен әлі келісімшарттың қаржылығық жағын да сөйлескен жоқпыз. Бірақ ол жаттығу жасап кетті бірден. Содан кейін барып біз оған қандай ұсыныс жасай алатынымызды айттық. Ол болса ойланып, кеңесіп алғаннан кейін нақты жауап беретінін айтты. Қазір ол команда қатарында жоқ. Қазіргі уақытта Джолчиев туралы мен осы мәліметтерді ғана айта аламын", -деп келтіреді Түймалиевтің сөзін Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының ресми сайты. 

Еске салайық, Джолчиев өткен маусымда мүлде ойнаған жоқ. Дегенмен оның "Ертіспен" келіссөз жүргізіп жатыр деген мәлімет шыққан еді. Бірақ павлодарлық клубпен келісімге келе алмапты. 







  0