"Тобыл" Қазақстан құрамасының футболшысымен келісімшарт жасады



Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Жасұлан Молдақараев "Тобыл" клубымен келісімшарт жасады. Бұл туралы қостанайлық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

Молдақараев қостанайлық клубпен бір жылдық келісімшарт жасапты. Айта кетейік, бұған дейін Молдақараев "Алтаймен" келісімшарт жасаған болатын. Бірақ кейін шығысқазақстандық клуб Премьер-лигаға қатысатын клубтардың арасынан шығып қалып, бірнеше футболшылар командадан кеткен еді. Олардың ішінде Молдақараев та болды. 

Өткен маусымды шабуылшы "Оқжетпес" сапында өткізген болатын. Көкшетаулық клуб сапыда ол Премьер-лиганың 31 кездесуіне қатысып, 6 гол соқты. 





  0