"Қайрат" ағылшындық жартылай қорғаушымен келісімшарт жасады

Ол команданың үшінші легионері атанды.

Ағңылшындық жартылай қорғаушы Мартин Малондо "Қайрат" клубымен келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

Жартылай қорғаушы 52-нөмерді алыпты. Ол Бірінші лигада өнер көрсететін "Қайрат А" командасында ойнайтын болатын. Малондомен  клуб арасындағы келісімшарт қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. 

21 жастағы Малондо бұған дейін "Уотфорд" клубының екінші командасында және басқа да англиялық клубтардың сапында өнер көрсеткен. Оның бойының биікті 178 сантиметр, салмағы 65 келі. 

Еске салайық, бұған дейін "Қайрат" ганалық қорғаушы Гидеон Баа және бельгиялық Йорди Влегелспен келісімшарт жасаған еді. 





  0