"Қайрат" Бельгия жастар құрамасының бұрынғы футболшысымен толықты

Қорғаушы карьерасының барлық бөлігін Голландияда өткізген

Бельгиялық қорғаушы Йорди Влегелс "Қайратпен" келісімшарт жасады. Бұл туралы клубтың ресми сайта хабарлап отыр. 

Влегелс "Қайраттың" Бірінші лигада өнер көрсететін "Қайрат А" командасында өнер көрсетеді. Келісімшарт қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. 

21-жастағы Влегелс карьерасының барлық бөлігін Голландияда өткізген. 2013 және 2015 жылдары "Виллем II", ал соңғы бір жарым маусымда ""Дордрехт" клубында өнер көрсеткен. 2015 жылдың тамызында ол Голландия жоғары лигасында жалғыз кездесуін өткізді. Ол "Аякс" клубына қарсы (0:3) кездесудің 84-минутында алаңға шықты. Бельгияның екінші лигасында қорғаушы төрт маусым өтзіп, 38 ойында 1 гол соққан. 

Влегелс Бельгия құрамасыс апында (18 жасқа дейінгі) сегіз кездесу, 19 жасқа дейінгі құрамада 3 кездесу өткізген. Бұл кездесулердің барлығы жолдастық ойындар болған. 







  0