Еркебұлан Сейдахметтің командасы бас бапкерімен жаңа келісімшарт жасады

Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" клубы сапында бір ресми кездесуге қатысты.

Ресейлік "Уфа" клубының бас бапкері Сергей Семак командамен жаңа келісімшарт жасады. Бұл туралы уфалық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

"Уфа" клубының бас бапкері Сергей Семак жаңа келісімшартқа қол қойды. Келісімшарт екі жылға жасалды", - делінген хабарламада. 

Айта кетейік, Семак "Уфа" клубының тізгінін 2016 жылдың желтоқсан айында ұстаған еді. 2016/17 жылғы маусымда бұл бапкердің бастамасымен команда Ресей біріншілігін жетінші орында аяқтады. Бұл клуб тарихындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Ал қазір команда 24-турдан кейін алтыншы орынға жайғасқан. 

Еске салайық, қазіргі уақытта "Уфа" клубының сапында қазақстандық шабуылшы Еркебұлан Сейдахмет өнер көрсетеді. Жас шабуылшы командамен ақпан айында ұзақ мерзімді келісімшарт жасаған еді. 

Сейдахмет "Уфа" клубының 2018 жылғы барлық ресми кездесулеріне қатысатын футболшылардың тізімінде болды. Бірақ үш рет қосалқы құрамда қалды. 

"Уфа" клубы келесі кездесуін 7-сәуір күні Тула қаласында өткізеді. Қарсылас "Арсенал" клубы. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. 





  0