"Шахтер" Англия премьер-лигасында ойнаған шабуылшымен келісімшарт жасады

29-жастағы шабуылшы Италия және Румынияда өнер көрсеткен.

Швейцариялық шабуылшы Даниэль Суботич қарағандылық "Шахтер" ойыншысы атанды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлап отыр. 

"Базель" футбол клубының тәлімгері карьерасын осы клубта бастап, содан соң Ағылшын премьер-лигасында өнер көрсететін "Портсмут" сапына ауысты. Бірақ бұл клубта бірде бір ресми кездесуге қатыспаған. Кейін шабуылшыны бельгиялық "Зюлте Варегем" және ағылшындық "Саутенд Юнайтед" клубтары жалға алған. 

2009 жылы Суботич "Портсмут" кетіп, ары қарай ешқандай клубта екі маусымнан артық қалмаған. Жалпы ол карьерасында италиялық "Гроссетто", румыниялық "Университатя" және "Тыргу-Муреш", украиналық "Волынь", әзірбайжандық "Габала", кувейттік "Аль-Кадисия", молдовиялық "Шериф" пен оңтүсті кореялық "Ульсан Хендэ" клубтарының намысын қорғаған. 

29-жастағы шабуылшы осы уақытқа дейін Азия футбол конфедерациясы кубогін, Кувейт суперкубогін және Моловия суперкубогін жеңіп алған. 2015/16 жылғы маусымда 12 голмен Молдова біріншілігінің үздік сұрмергені атанған. 





  0