Таңат Нөсербаев "Тобыл" клубына ауысты

Өткен маусымда ол "Ордабасы" клубында өнер көрсеткен болады.

Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Таңат Нөсербаев қостанайлық "Тобыл" клубының сапына ауысты, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

31-жастағы шабуылшы қостанайлық клуб сапында жыл соңына дейін жалға ойнайтын болады. 

Таңат Нөсербаев - Шымкент футбол мектебінің түлегі. 2006 жылы "Ордабасы" сапындағы бірінші кездесуін өткізді. 2011 жылы ол елордалық "Астана" (сол кездегі "Локомотив") клубына ауысып, 2012 жылы 26 голмен Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені атанды. Сондай-ақ ол "Астананың" капитаны және команданың ең нәтижелі ойыншысы болды. 

2017 жылдың қаңтар айында Нөсербаев шымкенттік "Ордабасы" клубымен бір жылдық келісімшарт жасады. Шымкенттік клуб сапында да ол 22 гол соғып, үздік сұрменген тізіміне енді. 






  0