Давид Лория жаңа клубымен келісімшарт жасады

Қақпашы бір ай бұрын "Ақтөбемен" келісімшартын бұзыпты.

Қақпашы Давид Лория шымкенттік "Ордабасы" клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

36-жастағы бағана күзетшісі "Ордабасымен" келісімшарт жасады. Келісімшарттың қанша уақытқа жасалғаны белгісіз. 

Ақпан айының соңында Лория "Ақтөбе" клубымен келісімшарт жасаған болатын. Бірақ ел біріншілігінің бес дүркін чемпиондарына жаңа ойыншыны тіркеуге рұқсат берілмеген соң, бұл команданың сапында бірде бір кездесу өткізген жоқ. 

Лория карьерасында елордалық "Астана", қарағандылық "Шахтер", алматылық "Қайрат" және павлодарлық "Ертіс" секілді клубтардың намысын қорғаған. Жалпы ол Қазақстан біріншілігінде 365 кездесуге қатысып, 338 гол жіберген. 




  0