"Ертіс" шабуылшысы АҚШ біріншілігіне ауысты

Шабуылшы "Ертіс" сапында бір маусым өнер көрсеткен болатын.

Павлодарлық "Ертіс" клубының бұрынғы шабуылшысы Байе Джиби Фаль футболдан АҚШ-тың Ұлттық футбол лигасының солтүстік дивизионында өнер көрсететін "Цинциннати" клубына ауысты. Бұл туралы Cincinnati Soccer Talk басылымы хабарлап отыр. 

31 жастағы сенегалдық шабуылшы "Ертіс" сапында 2016 жылы өнер көрсеткен болатын. Павлодарлық клуб сапында ол Қазақстан біріншілігінің 25 кездесуіне қатысып, 2 гол соқты. 

">http://

Cincinnati Soccer Talk басылымының таратқан мәліметі бойынша, Фаль командадан жуырда кеткен шабуылшы Шон Околидің орнын басады екен. Шабуылшы жаңа командасымен 2017 жылдың 30 қарашасына дейін келісімшарт жасапты. 






  0