Сербиялық футболшы "Ақтөбенің" 200 миллион теңге қарыз екенін айтып берді

Шабуылшы Қазақстан біріншілігінде бар болғаны бес-ақ кездесуге қатысқан.

Сербиялық шабуылшы Неманья Николич KazFootball.kz порталына берген сұқбатында "Ақтөбеден" қалай кеткенін, клубтың оған қанша қарыз екенін және бұл жағдайдың қалай шешілетінін айтты. 

- Сіз "Ақтөбе" сапына 2016 жылы ауысып, бар болғаны бес ойынға ғана қатыстыңыз. Клуб сізге 150 миллион теңгеден көп ақша қарыз екен. Бұл жағдай қалай болды?

- Иә, мен "Ақтөбеге" "Ростовпен" келісімшартым аяқталғаннан соң ауыстым. Қазақстан біріншілігінде бірнеше ойынға қатыса алдым. Дегенмен мен бұл клубта ары қарай да өнер көрсете бергім келді. Бірақ кейіннен клубтың басшысы ауысты. Дмитрий Васильевтің орнына Мақсат Түймалиев келді. Ол орнына тағайындалғаннан кейін біраз күн өткен соң менің электронды почтама "Ақтөбенің" менімен біржақты келісімшартты бұзатыны туралы хат келді. Мен ешқандай ережені бұзған жоқпын. Ешқашан ешкімге "Ақтөбеден" кеткім келеді деп те айтқан емеспін. 2017 жылдың қаңтарында жаңа маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына дайындалып жатыр едім. Клуб осындай шешім шығарды. 

- Бұл жағдай туралы Түймалиевпен сөйлестіңіз бе?

- Мен оған Whats’App желісіне хат жазып, жауап күттім. Ол болса маған "Кейінірек қоңырау шал" деп жазы жіберді. Сонда мен оған хабарласу керекпін бе? Ол маған ештеңені түсіндірмей менімен келісімшартты бұзып жіберді. Мені клубсыз қалдырды. Ол мұндай әрекеті үшін клубты қандай жаза күтіп тұрғанын жақсы білді. Мен барлық құжаттарды жинап, бір жыл бұрын ФИФА-ға шағым білдірдім. Егер ол менің сөйлескісі келмей, адам сияқты жағдайды түсіндірмей, мені сыйламаса, мен не үшін одан жағдайдың мән-жайын сұрауым керек? "Ақтөбе" клубы маған әделетсіздік жасады. Содан соң мен бұл жайдайды заңмен шешуді ұйғардым. Шешім шығарылып қойды. Бұл жағдайда менің шағымым орынды. Заң бойынша маған тиісті барлық ақшаны алуға ниеттімін. 

- Ал ол клубтың сізге осынша ақша қарыз екенін білді ме?

- Ол жәй еден сүртуші емес, бас директор болды ғой. Әрине, білді. 

- "Ақтөбеден" нақты қанша ақша өндіріп алуды ойлап отырсыз?

- Шамамен 200 миллион теңген. 

- Клубтың бұл сомманы азайтатын қандай да бір мүмкіндігі болды ма?

- Әу баста менімен келісімшартты ақылдасып, адамша себебін түсіндіріп бұзған болса, ортақ шешімге келуге болатын еді. Бірақ мені адам құрлы көрмеді. Сондықтан мен енді шағымнан бас тартпаймын. Сот шешімі бойынша ары қарай әрекет жасайтын боламыз. 

- Өткен жылдың ішінді клуб бұл жағдайды шешуге тырыспады ма? Түймалиевтің өзі сізге SMS жазбады ма?

- Ешкім. Тек ФИФА шешімі шыққан соң Самат Смақов хабарласты. Басқа ешкім хабарласпады. 

- "Ақтөбе" сапында өткізген аз уақытыңыз несімен есте қалды?

- Бұл команда сапында ойнағаныма қуаныштымын. "Ақтөбеде" Қазақстанның үздік жанкүйерлері жиналған. Басқа жанкүйерлерге "Ақтөбенің" жанкүйерлерінен үйренерлері көп. Олар керемет қолдау көрсетеді.

- Жанкүйерлер сізді естерінде сақтап қалды деп ойлайсыз ба?

- Өкінішке қарай, маған келісімшартымның соңына дейін жұмыс істеуге мүмкіндік бермеді. Қазір мен Сербиядамын. Субботица қаласының "Спартак" клубында ойнап жатырмын. Жақсы ойнып жатырмыз. Турнир кестесінің жоғарғы жағында тұрмыз. Бұл жерге "Ақтөбеде" көрсете алмаған өнерім мен талантымды көрсетуге мүмкіндік ашылды. 

- Қазақстан біріншілігіне қайта келгіңіз келмейді ме?

- Қазірше бұл сұрақты қарастырып жатқан жоқпын. Менің "Спартак" клубымен әлі екі жылдық келісімшартым бар. Қазақстанға жеті-сегіз жылдан кейін баруға болады. Дәл қазір барғым келмейлі. 











  0