Үш қазақстандық клуб "Анжимен" жолдастық кездесу өткізеді



Қазақстандық үш клуб оқу-жаттығу жиындары барысында махачкалалық "Анжи" клубымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл туралы ресейлік клубтың ресми сайты хабарлады. 

Түркияның Белек қаласында жалпы оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан махачкалалық клуб дайындық барысында жалпы төрт жолдастық кездесу өткізеді. 

Бірінші матч 17 ақпанға жоспарланған. Бұл күні Александр Григорян шәкірттері түркіменстандық "Шагадам" командасымен кездесу өткізеді. Ал 20. 23 және 25 ақпан күндері ресейлік команда "Қайрат", Атырау" және "Ертіс" клубтарына қарсы ойнайды. 








  0