Мен "Астана" сапында жазға дейін қалатын болдым - Неманья Максимович



Елодалық "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Неманья Максимович команда сапында жазға дейін, яғни келісімшарт толық аяқталғанша қалатын болды. Бұл туралы футболшының өзі "Спортски журнал" басылымына берген сұхбатында айтты. 

Еске салайық, бұған дейін Максимович испаниялық "Валенсиямен" 2021 жылға дейін келісімшарт жасағаны туралы айтылды. Тіпті футболшының бұл уақыт аралығында жаңа клубынан жеті миллион еуро көлемінде табыс табатыны да айтылды. 

Бірақ кейін "Валенсия" мен "Астана" футболшының бағасына келісе алмай, келіссөздер тоқтап қалған еді. 

"Жағдай мен күткендей болды. Мен "Астана" сапында жазға дейін қаламын. Бұл менің дайындығыма да жақсы болады. Өйткені мен алда Сербия жастар құрамасымен бірге Еуропа чемпионатына қатысамын", - дейді Максимович басылымға берген сұхбатында.




  0