"Қайраттың" қорғаушысы "Жетісу" сапына қосылды

Бұған дейін "Жетісу" "Қайраттан" қорғаушы Ермек Қуантаев пен шабуылшы Рифат Нұрмағаметті жалға алған еді.

Алматылық "Қайраттың" орталық қорғаушысы Тимур Рудосельский алдағы маусымда "Жетісу" клубында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Қорғаушы Түркия жерінде оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатқан талдықорғандық клуб сапына келіп қосылған. 

23 жастағы Рудосельский алматылық клубтың тәлімгері. Қазіргі уақытқа дейін ол "Қайрат" сапында 60-тан астам кездесулерге қатысып үлгерген. Бірақ ауыр жарақаттан кейін Қазақстан жастар құрамасының қорғаушысы бабына келе алмады. 

Карлос Феррер бастаған "Қайраттың" бапкерлері құрамы биыл қорғаушыға негізгі құрамнан орын жоқ екенін айтып, оны талдықорғандық клуб сапына жіберді. 

Бұған дейін "Жетісу" "Қайраттан" қорғаушы Ермек Қуантаев пен шабуылшы Рифат Нұрмағаметті жалға алған еді. 





  0