Деспотович "Тобыл" сапын толықтырды

"Астана" шабуылшыны жалға беріпті.

Елордалық "Астана" клубының шабуылшысы Джордже Деспотович "Тобыл" сапына ауысты. Бұл туралы KazFootball.kz хабарлайды. 

"Астана" клубы сербиялық шабуылшыны жалға берген екен. 

Айта кетейік, 24 жастағы шабуылшы "Астана" сапына өткен жылы алматылық "Қайрат" клубынан ауысып келген болатын. Елордалық қлуб сапында шабуылшы өткен маусымда 31 кездесуге қатысып, 3 гол соқты. Ал оған дейін Қазақстан біріншілігінде бір жыл талдықорғандық "Жетісу" сапында өнер көрсеткен болатын. 






  0