Бауыржан Джолчиев "Астанадан" кетіп қалды - БАҚ

Джолчиев "Астана" сапына бақылаудан өтуге келген еді.

27 жастағы жартылай қоорғаушы Бауржан Джолчиев елордалық "Астана" клубынан кетіп қалды, деп хабарлайды KazFootball.kz порталы. 

19-қаңтар күні Джолчиев "Астана" сапына бақылаудан өтуге келген еді. БАӘ-де өткен жаттығу жиындары кезінде ол жолдастық кездесулерге қатысты. Бірақ жартылай қорғаушы "Астана" сапынан биылғы маусымға қатысатын футболшылардың қатарына қосылмады. 

"Астана" сапында Джолчиев 2014 және 2015 жылдары өнер көрсеткен болатын. Елордалық клуб сапында ол 69 кездесуге қатысып, 15 гол және 9 нәтижелі пас берген. "Астанамен" бірге Джолчиев екі рет Қазақстан чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. 

Айта кетейік, Джолчиев өзінің соң,ы кездесуін 2015 жылдың 8-желтоқсанында өткізді. Ол кезде ол "Галатасарай" клубына қарсы ойынның екінші таймында алаңға шықты. Сол уақыттан бері ол клубсыз жүр. Өткен жылдары ол "Ақтөбе", "Ордабасы" және "Ертіс" сапына ауысуы мүмкін деген мәлімет шыққан. Бірақ жартылай қорғаушы бұл клубтардың ешқайсысына қосылмады. 

"Астанадан" бөлек Джолчиев "Тобыл", "Атырау" және "Алма-Ата" секілді клубтардың намысын қорғаған. Қазақстан құрамасы сапында ол 14 кездесуге қатысып, 3 гол соққан. 







  0