"Астана" Суперкубокті жеңу көрсеткіші бойынша "Ақтөбемен" теңесті

Марин Томасов болса Суперкубокте дубль жасаған үшінші футболшы атанды.

Елордалық "Астана" футбол клубы кеше алматылық "Қайратан" үстем түсіп Қазақстан Суперкубогін жеңген командалар арасында "Ақтөбемен" теңесті, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

"Ақтөбе" клубы бұл кубокті үш рет 2008, 2010 және 2014 жылдары жеңген. Кеше "Астана" клубы да өз тарихында бұл жүлдені үшінші рет жеңді. Бұған дейін елордалық клуб 2011 және 2015 жылдары жеңген болатын. Бұл екі клубтан басқа Суперкубокті көп ұтқан команда елімізде жоқ. 

Сонымен қатар кеше "Астана" футболшылары "Қайрат" қақпасына үш гол соғып, Суперкубок тарихындағы ең ірі есепті тіркеді. Осы уақытқа дейін ойынның негізгі уақытында 2:0 есебі төрт рет тіркелсе, 2:1 және 1:0 есептері екі реттен тіркелген. 

Тағы бір кездесуде командалар қосымша уақыт ойнаса (3:2), тағы екі кездесуге ойын 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз ойын соңындағы он бір метрлік айып добынан кейін анықталды. 

"Астана" клубының жартылай қорғаушысы Марин Томасов болса Суперкубокте дубль жасаған үшінші футболшы атанды. Бұған дейін екі голдан Сергей Струков ("Ақтөбе" - "Тобыл" 2:0, 2008 жыл) және Игроь Бугаев ("Локомотив" - "Тобыл" 2:1, 2011 жыл) соққан. 

Айта кетейік, "Астана" мен "Қайрат" арасындағы 2018 жылғы Қазақстан Суперкубогінің кездесуі 4-наурыз күгі "Астана - Арена" стадионында өтіп, 3:0 есебімен елордалық клубтың жеңісімен аяқталды. 









  0