"Тобылдың" тәлімгері "Крылья Советов" командасына ауысады



Мәскеулік "Спартак" клубының жартылай қорғаушысы Александр Зуев самаралық "Крылья Советов" командасына ауысады. Бұл туралы "Спорт-Экспресс" басылымы хабарлап отыр. 

Жаңа командасының сапында Зуев жыл соңына дейін жалда ойнайтын болады. Биылғы маусымда жартылай қорғаушы "Спартак" сапында Ресей біріншілігінде 6 ойынға қатысып, 1 гол соққан. 

Айта кетейік, 20 жастағы Зуев Қостанай қаласында дүниеге келген. Футболдағы алғашқы қадамдарын "Тобыл" клубының жастар командасында бастаған. Ал 2005 жылы отбасымен бірге Челябинскіге көшіп кеткен. Жастар арасында ол "Чертаново" командасының намысын қорғап, 2013 мәскеулік "Спартак" сапында кәсіпқой футболдағы келісімшарты жасаған. 

Сөйтіп 2014 жылы Зуев Ресей біріншілігіндегі алғашқы кездесуін өткізген. Осы уақытқа дейін жас футболшы 22 кездесу өткізіп үлгерген. 




  0