"Қайрат" қорғаушысы украиналық клуб сапында бақылаудан өтуде

Бразилиялық қорғаушы "Қайрат" сапында 2015 жылдан бері ойнап келген еді.

Алматылық "Қайраттың" қорғаушысы Бруно Соарес Украина Премьер-лигасында өнер көрсететін "Заря" клубының сапында бақылаудан өтіп жатыр, деп хабарлайды XSport.ua порталы. 

31 қаңтар күні Соарестің "Қайрат" бапкері Кахабер Цхададзеге керек болмағандықтан клубпен бірге оқу-жаттығу жиындарына бармайтыны белгілі болған еді. Содан кейін қорғаушы басқа клубтардың ұсынысын қарастырған. Бүгін қорғаушының луганскілік "Заря" сапында жаттығып жатқаны белгілі болды. Бірақ Бруно Соарестің алматылық клубпен 2018 жылдың жазына дейін келісімшарты бар. 

Айта кетейік, қорғаушы "Қайрат" сапында 2015 жылдың жазынан бері өнер көрсетіп келеді. Ол осы уақытқа дейін алматылық клуб сапында ел біріншілігінің 16 кездесуіне қатысып, 1 гол соғып және әріптестеріне гол соғатын 2 нәтижелі пас берген. Сонымен қатар ол "Қайрат" сапында еуропа лигасының сегіз ойынына қатысқан. 




  0