"Қайрат" Гоудың орнын урувайлық шабуылшымен алмастыратын болды

Сильвейра "Қайрат" сапында жыл соңына дейін өнер көрсетеді.

Алматылық "Қайрат" құрамын уругвайлық шабуылшы Уго Сильвейрамен толықтырды. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады. 

24 жастағы шабуылшы "Қайрат" сапында маусым соңына дейін жалда ойнайтын болады. Бұл ойыншының трансферлік құқығы негізі Монтевидео қаласының "Насьональ" клубына тиесілі. Сильвейра Қазақстан біріншілігінде өнер көрсететін бірінші уругвайлық футболшы атанып отыр. 

Ovacion Digital порталының мәліметі бойынша келісімшартта маусым соңында "Қайраттың" шабуылшына сатып алуына құқыға бар. Бірақ ол үшін алматылық клуб 1,6 миллион доллар төлеуі керек. 

Бұған дейін Сaras&Caretas порталы Сильвейра "Қайрат" сапында уругвайлық клубтағы көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп жалақы алатынын айтты. 

Сильвейра 2017 жылы "Насьональ" клубы сапында Уругвай біріншілігінде 29 кездесуге қатысып, 7 гол соққан. Сөйтіп, біріншіліктің қола жүлдегері атанды. Жалпы ол Уругвай чемпионатында 126 кездесуге қатысып, 27 рет көзге түскен. 




  0