"Қайрат" "Барселонаның" бұрынғы ойыншысын қатарларына қосты

Бұл "Қайраттың" жаңа маусым алдындағы бірінші жаңа ойыншысы.

Алматылық "Қайрат" қатарын израильдік шабуылшы Гай Ассулин толықтырды. Бұл туралы клубтың бақылау комитетінің төрағасы Қайрат Боранбаев Іnstagram парақшасында хабарлады. 

Шабуылшымен келісмшарт 2 жылға жасалыпты. Басқа бұл трансфер туралы ешқандай мәлімет жоқ. 

26 жастағы шабуылшы карьерасын хайфалық "Хапоэль" клубы сапында бастаған. 1999 жылы "Барселонаның" жастар академиясына түскен. 12 жасынан сонда жаттыққан. 

2007-2010 жылдар аралығында ол "Барселона Б" клубында өнер көрсеткен. 2010-2012 жылдар аралығында "Манчестиер Сити" клубында болған. Бірақ бұл екі команданың негізгі құрамында бірде-бір кездесу өткізбеген. 

Содан соң Ассулин испаниялық "Расинг" (Сантандер), "Гранада", "Эркулес" және "Мальорка" клубтарында ойнаған. 

2016 жылы "Хапоэль" (Тель-Авив) командасына ауысып, қазіргі уақытқа дейін сонда өнер көрсетті. 



Айта кетейік, бұл "Қайраттың" жаңа маусым алдында алған бірінші ойыншысы. Бұған дейін командадан шабуылшы Жерар Гоу мен Бауырдан Тұрысбек, қорғаушы Жарко Маркович пен Сезар Арсо кеткен болатын. 





  0