"Қайрат" соңғы жаттығу жұмыстары кезінде үш жолдастық кездесу өткізеді

Қарсыластардың қатарында Венгрия чемпионы да бар.

Алматылық "Қайрат" Түркияда өткізетін оқу-жаттығу жиындары кезінде үш жолдастық кездесу өткізеді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты. 

Өткен жылғы Қазақстан біріншілігінің күміс жүлдегері қазір Белек қаласында жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. 

Ертең, 14-ақпан күнні "Қайрат" Венгрия біріншілігінде бірінші орында келе жатқан "МТК Будапешт" командасымен кездеседі. Ойын Астана уақытымен 20:00-де басталады. 

Алматылық клубтың екінші қарсыласы Грузияның чемпионы, кутаисиалық "Торпедо" клубы болады. Онйы 14-ақпанда өтеді. 

Оқу-жаттығы жұмыстары "Қайрат" тулалық "Арсенал" клубына қарсы кездесумен аяқтайды. Бұл ойын 20-ақпанға жоспарланған. 

Еске салайық, Түркияда өткен бірінші жаттығу жұмыстары кезінде "Қайрат" болгариялық Лудогорец" -(3:2) командасын жеңсе, петербургтық "Динамо" (3:3) клубымен тең ойнап, сербиялық "Вождовац" (0:1) клубынан жеңіліп қалды. 





  0