Әзірбайжандағы футбол атмосферасы Қазақстаннан жоғары – Эррера



Нефтчи футбол клубының чилилік шабуылшысы Игнасио Эррера Қазақстан мен Әзірбайжан футболын салыстырды.  Ол Azerisport.com сайтына берген сұхбатында алаңдағы ойын атмосферасына да баға берді.

"Қазақстаннан мұнда келгенде ерекше ойын атмосферасын сезіндім. Қазақстанда сырт алаңдағы ойындарға бірлі-жарым ғана жанкүйерлер келетін. Ал мұнда Нефтчи жанкүйерлері көп екен. Қолдауы жоғары" - деді футболшы.

Игнасио Эррера осы қысқы ауысымда ғана Бакудың Нефтчи клубына ауысқан еді. Команда сапында екі ойынға қатысып, бір гол соғып үлгерді.


  0