Көкшетауда жаңа стадион салынатын болды

Жаңа стадионның көгалы жасанды болады.

Көкшетау қаласында жаңа футбол стадионы салынатын болды. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне "Оқжетпес" клубының директоры Николай Панин айтты. 

"Стадионның жобасы бар. Осы жылдан бастап Көкшетау қаласының Юбилейный аудадында стадионның құрылысы басталады. Қазір стадионды соғуға қанша ақша кететінін дәл айта алмаймын. Өйткені, жоба мен келерге дейін дайындалып қойған. Стадион сегіз мың жанкүйерге арналып, Копа өзенінің жағасында орналасады. Ол жердің топырағы қатты. Сондықтан жасанды көгал төселеді",- дейді Панин. 

Қазіргі уақытта "Оқжетпестің биылғы маусымды қайда бастайтыны белгісіз болып тұр. Егер наурызда "Астана-Арена" стадионының көгалын өзгертетін болса, көкшетаулық команда Премьер-лигадағы ойындарын Щучинск қаласындағы "Жақсы" базасында өткізуі мүмкін. 


  0