Еркебұлан Сейдахмет "Зенит" командасымен жаттығуға кетті

Сейдахмет "Зенитпен" Кипрде жаттығы жұмыстарын өткізеді.

"Тараз" футболының түлегі Еркебұлан Сейдахмет питерлік "Зенит" клубының дубльімен бірге оқу-жаттығу жұмыстарына ұшып кетті, деп хабарлайды KazFootball.kz.

Басылымның таратқан мәліметі бойынша, футболшының өзі "Зенит - 2" командасымен бүгін жаттығу жиындарына ұшып кететінін мәлімдеген екен. "Зениттің" жастар командасының жаттығу жұмыстары Кипрде өтіп жатыр. 

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахмет жамбыл футболының тәлімгері. "Гранаткин мемориалы" турнирінде отандасымыз доданың "үздік  шабуылшысы" атанған болатын. 


  0