Түркиялық клуб Твумасиді алу үшін шабуылшысын сатып "Астанаға" ресми ұсыныс жасады

Түркиялық клуб шабуылшы үшін екі миллион еуро ұсынып отыр.

Түркиялық "Гезтепе" "Астана" шабуылшысы Патрик Твумасиді сатып алу үшін елордалық клубқа ресми ұсыныс жасады. Бұл туралы Fotomac хабарлап отыр. 

Кеше, 29 қаңтар күні "Гезтепе" 1,5 миллион еуроға "Коньяспорт" командасына шабуылшысы Адис Яховичті сатып жіберді. Македониялық шабуылшы клуб сапында биыл 14 голмен Түркия біріншілігінің үздік сұрмергендерінің қатарында келе жатыр еді. 

Енді "Гезтепе" Яховичтің орнын басатын шабуылшы іздестіріп жатыр. Клуб екі африкалық футболшы Патрик Твумаси мен бұған дейін "Бешикташ", "Челси", "Ньюкасл", "Вест Хэм" и "Хоффенхайм" секілді командалардың намысын қорғаған, қазір қытайлық "Шаньхай Шеньхуа" командасында өнер көрсететін шабуылшы Демба Баның сатып алуды ойластырып отыр. 

Fotomac порталының мәліметі бойынша, "Гезтепе" шабуылшы үшін "Астанаға" 2 миллион еуро ұсыныпты. Түркия біріншілігінің жетінші сатысында келе жатқан командаға Твумасидің әмбебаптығы ұнап отыр екен. Ганалық футболшы шабуылшы оң қапталында және орталық шабуылшы қызметіне де ойнай алады. 

Бұған дейін Твумасиге тағы бір франциялық клуб - "Нанттың" қызып отырғаны туралы белгілі болған. Сонымен қатар елордалық клубтың шабуылшысы мәскелуік "Спартак", германиялық "Штутгарт", түркиялық "Гезтепе", шотландиялық "Селтик" және жапониялық клубтарың қызығып отырғаны туралы жазылғған еді.

Твумасиді сатып алуға басты үміткер - "Бурсаспорт" болды. Бірақ түркиялық клуб Твумаси үшін үш миллион еуро төлеуден бас тартты.

23 жастағы шабуылшы "Астана" сапында 2013 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол ел біріншілігінде 30 кездесуге қатысып, 14 гол және 5 нәтижелі пас берді. Чемпиондар лигасында алты кездесу өткізіп, бес гол соқса, Еуропа лигасында төрт гол соғып, екі нәтижелі пас берген.

Қазір Твумаси "Астанамен" бірге БАӘ жаттығу жұмыстарын өткізіп жатыр. Өткен аптада мәскелуік "Спартак" клубына қарсы өткен жолдастық кездесу ол негізгі құрамда алаңға шыққан болатын. Бірақ жарақат алып, бірінші таймның ортасында алаңнан кетті.







  0