Еркебұлан Сейдахмет "Уфа" командасымен екінші жаттығу жиындарына аттанды

"Уфаның" екінші жаттығу жұмыстары 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді.

Ресейлік "Уфа" клубы екінші оқу-жыттығу жиынын өткізу үшін Кипрге аттанды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы клубтың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Бүгін, 30 қаңтар күні "Уфа" командасы маусымға дайындық барысында оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Кипрге аттанды. Бұл жиынға қазақстандық жас футболшы Еркебұлан Сейдахмет те қатысады.

Команданың екінші жаттығу жиындары 30 қаңтар мен 10 ақпан аралығында өтеді. Екінші оқу-жаттығу жиынында Сергей Семактың командасы төрт жолдастық кездесу өткізеді:

03.02.2018. ФК "Уфа" - "Слован" (Либерец), Чехия;
06.02.2018. ФК "Уфа" - "Нитра", Словакия;
09.02.2018. ФК "Уфа" - "Лиепая", Латвия;
09.02.2018. ФК "Уфа" - "Чукарички" (Белград), Сербия.

Естеріңізге сала кетсек, Еркебұлан Сейдахмет алғашқы оқу-жаттығу жиынында "Уфа" сапында екі жолдастық матч өткізіп, бір гол соқты.


  0