"Спартак" пен "Қайраттың" бұрынғы футболшысы "Ақтөбенің" бапкерлер қатарына қосылады

"Қайрат" сапында ол Самат Смақов пен Ұлықбек Асанбаевпен бірге ойнаған.

Танымал молдовалық футболшы Адриан Сосновский ел біріншілігінде өнер көрсететін "Ақтөбе" клубының бапкерлер қосынына кіруі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бұл маманды бапкерлер қосынына команданың бас бапкері Владимир Мухановтың өзі шақыртып отыр. 40 жастағы Сасновский Мухановтың көмекшілерінің бірі болады. Сонымен қатар "Ақтөбе" сапына Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы Сергей Бойченко да қосылуы мүмкін. 

Адриан Сосновский көпшілікке 20 жасында танымал болды. Ол кезде қорғаушы киевтік "Динамо" клубы сапына ауысқан болатын. Содан соң талантты жас футболшы мәскеулік "Спартак" сапына ауысты. Алайда ол ресейлік клуб сапында дұрыс ойнай алмады. 

Бірнеше маусым ол рамендік "Сатурн" клубының намысын қорғады. Сол жақтан "Черноморец" клубына ауысты. 2015 жылы "Қайрат" сапында ол 12 кездесуге қатысып, 2 гол соқты. 

Сол кезде ол "Ақтөбенің" қазіргі басшылары Самат Смақов пен Ұлықбек Асанбаевпен жолы түйісті. Карьерасын аяқтағаннан кейін Сасновский бельцалық "Милсами" клубының бас бапкері болды. Бұл қызметтен өткен жылдың маусым айында босатылды. 









  0