"Ақжайық" құрамын 31 жастағы украиналық қорғаушымен толықтырды

"Ақжайық" құрамын 31 жастағы украиналық қорғаушымен толықтырды.

"Ақжайық" құрамын жаңа ойыншылармен толықтыруды жалғатыруда. Бұл жолы оралдық ұжымға 31 жастағы украиналық қорғаушы Сергей Басов қосылды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Келісімшарт 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін жасалған. Трансферге 28 қаңтар күні қол қойылыпты. Футболшының нарықтағы бағасы - 400 мың еуро. 

Басов Запорожья футбол мектебінің тәлімгері. Карьерасын донецкілі "Титан" клубы сапында бастаған. Содан соң "Звезда" (Кировоград), "Буковина", "Александрия секілді клубтардың намысын қорғаған. 

Қорғаушының соңғы клубы "Александрия" болды. Бірақ қысқы оқу-жаттығу жиындарының алдында команданың басшылары Басовпен келісімшартты бұзатыны туралы хабарлаған. Бұл команданың сапында ол 144 кездесу өткізіп, 7 гол соққан. 













  0